Аялдаманы соғып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде – Өскемен

Бүгін таңертең Согринская көшесінде бұзылған аялдама кешенінің жанынан ішінде жүргізушісі жоқ жоқ көлік табылды.
Полиция қызметкерлері таңғы сағат 7.00 шамасында Согринская, 83 ғимаратының жанында Nissan March автокөлігін көлігін тізгіндеген азамат рульге ие бола алмай, аялдамаға соғылғанын анықтаған.
- Қазір ҚР ӘҚБтК - нің 610-бабы бойынша көлік жүргізушісін іздестіру іс-шаралары жүргізілуде (көлік жүргізушілерінің көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және басқа да құрылыстарға зақым келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзуы), - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Сонымен қатар оқыңыз
Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша әдістемелік құралКонституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасы жарияландыКонституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдарАулада тұрған автокөлігіңізді біреу қағып кетсе не істеу керек? ИнструкцияӨскеменде көлік аударылып қалды