KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Бір тәулікте 3 тұрғын үйден өрт шықты - ШҚО

17.09.2022, 13:11 288

ШҚО-да электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан бір тәулік ішінде 3 өрт шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

16 қыркүйекте сағат 16.17 шамасында Риддер қаласындағы Свердлов көшесінде  2 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Жатын бөлмеде жиһаз, жеке заттар жанып кеткен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілео 20 шаршы метр алаңдағы өртті ауыздықтап үлгерді. Өрттің себебі-электр жабдықтарын пайдалану кезінде қосылған электр тогы қараусыз қалдырылған.

  • - Бүгін сағат 06: 10-да Өскемен қаласы Ангар көшесіндегі жеке тұрғын үйде ағаш шатыр құрылымдары, төбе жабыны, жиһаз, жеке заттар жанып кетті. Өрттің алдын ала себебі-электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде НТПБ, жанар-жағар май негізінде салынған электр сымдарының оқшаулауының бұзылуы болды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ  "Машиностроитель-1" саяжай қоғамының аумағында сағат 06: 42-де жазғы тұрғын үй саяжай үйінде 24 шаршы метр алаңда шатырдың, қабырғалардың, еденнің ағаш құрылымдары, терезе, есік блоктары, жиһаз, жеке заттар өртеніп кетті

- Электр сымдарының немесе тұрмыстық электр құрылғыларының қысқа тұйықталуы жиі өрттің себебі болып табылады. Күн суытқандықтан тұрғындар жылытқыштарды пайдаланады. Үнемдеу арқылы өрт шығып, оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін. Сондықтан зауыттық емес жылытқыштарды қолдануға болмайды. Үйде жылытуға арналған электр жылытқышы тек сертификатталған болуы керек. Электр сымдарының ақауларын уақтылы жөнделуі қажет. Үйден кетіп, электр құрылғыларын қосулы қалдыруға болмайды.Кез - келген электр құралын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыздар.  Бұл жағдайда құрылғының жұмыс уақытына және рұқсат етілген ток талаптарына ерекше назар аударыңыздар, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив