KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген

15.11.2022, 09:32 230 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО паспорттарын уақтылы ауыстырмаған адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Азаматтардың жеке басын куәландыратын қандай да бір құжаттарының болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеу қызметтерін алуы шектелген, сондай-ақ олардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Облыс орталығында осы уақытқа дейін құжатсыз өмір сүріп келген 54 жастағы азамат анықталды. Ол 1988 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келгенін сол кезден бастап ешқашан қала сыртына шықпағанын айтты. 20 жасында құжаттарын жоғалтып алып, байланысты  ҚР азаматының жеке куәлігін уақытында ресімдей алмаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта көші-қон қызметі қызметкерлерінің көмегінің арқасында ер адам көптен күткен құжатын алып, мемлекеттік қызметтерді пайдалана бастады.

Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын ауыстырмаған 125-тен астам адамды анықтаған. Осыған байланысты ШҚО ПД қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив