KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да суға кетіп қалған зейнеткерді іздестіру жұмыстары жалғасуда

8.12.2022, 09:43 376 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД қызметкерлері екінші күн қатарынан  Бұқтырма су қоймасында жазатайым оқиға салдарынан суға батып кеткен әйелді іздестіріп жатыр.

Осы уақытқа дейін 6 су астына түсу жұмыстары жүзеге асырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсан күні "Қызыл Ту" өткелі ауданында мұз жарылып, бір адам мерт болған. Жеңіл көлік паромды күтпей, мұздың үстін кесіп өтпек болған. Алайда жағадан 800 метр қашықтықта мұз жарылып, көліктегі 4 адам өз бетінше шығып үлгеріпті. Ал 1950 жылғы әйел адам суға батып кетті.

- Қазір 6 су астына түсу жұмыстары жүзеге асырылды. Бірақ водолаздардың жұмысын ауаның төмен температурасы, су астының өте нашар көрінуі қиындатып тұр. Мамандар қолмен сипап іздеуге мәжбүр, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстары жүргізілетін жердің тереңдігі шамамен 20 метрді құрайды. Барлығы жеке құрамның 23 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив