Өскемен
-11°
пасмурно ветер 0,1 м/с, З
455.65 489.96 6.36

Жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді – ШҚО

8.12.2022, 16:03 255 0 Ләззат Қанатқызы

8 желтоқсан күні сағат 03.25 шамасында "Өскемен-Семей" трассасының 108 шақырымында ішіде 3 кісі бар автокөлік бұзылып қалған.

Жолда қалған жолаушылар бірден құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына бірден "Привольное" трассалық медициналық-құтқару пунктінің Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы келді.

- Бригада оларды трассалық медициналық-құтқару пунктіне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Жолаушылар қатты тоңып қалған, ешқайсында үсік белгілері байқалмайды. Олар көмек көрсетіліп, ыстық шәй беріп, пунктте түнеп шықты, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Қыс мезгілінде түнгі уақытта жалғыз алыс жолға шыпаңыз. Жолға шығар алдында барлық қажетті жабдықтарыңызды, жылы киім мен қол шам және телефон қуаттағышыңызды алуды ұмытпаңыз.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив