KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1,8 м/с, СБ
439.43 473.31 4.82

Жалған ақпарат: Өскемендегі сот ғимаратынан бомба табылған жоқ

9.12.2022, 09:39 501 Ләззат Қанатқызы

8 желтоқсан күні сағат 18.05 шамасында облыс орталығында Қасым Қайсенов көшесі бойындағы соттың ғимараты миналанған деген хабарлама келіп түсті.

Хабарды ала салысымен дереу арада оқиға орнына мамандандырылған қызметтер мен полиция қызметкерлері жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тексеру нәтижелері бойынша ғимараттан ешқандай қауіпті заттар табылмаған.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар үшін қоғамның наразылығын және ықтимал салдарын ескере отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив