KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да қар көшкіні қаупі әлі сақталады

9.12.2022, 10:21 645 Ләззат Қанатқызы

Таулы аймақтарда жел екпінінің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

ШҚО ТЖД тұрғындарға демалыс күндері таулы аймақтарға барудан бас тарту керектігін, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- 9 -12 желтоқсан аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар. Сондықтан тұрғындардан таулы аймақтарға бармау, жолға шыққан болсаңыз қар көшкіні қаупі бар жерлерде ұзақ тоқтап тұрмау керектігін ескертеміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз бірден 112 арнасына қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив