KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да құтқарушылар шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

22.12.2022, 16:03 309 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД құтқарушылары шыршаны өрт шықпас үшін  қалай қауіпсіз  орнатып, безендіру керектігін айтты.

Құтқарушылардың айтуынша, жаңажылдық шыршаны үйге орнатқан кезде оның тұрақтылығына көз жеткізіп алған жөн, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, шыршаны жылыту құралғыларының жанында орнатуға болмайды. Сондай-ақ оның жанында шамдар мен ұшқындарды пайдаланбаған жөн.

- Егер үйде кішкентай балалар болса арнайы жасаған электрлі гирляндалармен безендіру керек. Балаларға гирляндаларды өз бетінше жағуға рұқсат бермеген жөн. Үйден шығар уақытта тоқтан өшіруді ұмытпаңыз, - деп ескертті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ал, гирляндаларды шаршаға тақпас бұрын тексеріп алу керек. Себебі онда кем дегенде бір шам болмаса оны пайдалану қауіпті болып табылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив