Өскемен
+7°
ясно ветер 1 м/с, В
474.47 503.51 4.88

ШҚО-да 1 апта бойы үйлеріне жете алмаған жолаушылар құтқарылды

10.01.2023, 10:16 265 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райында қала сыртында қалып қойған жолаушыларға көмекке келді.

Глубокое ауданындағы Волчиха ауылында 11 адам қала сыртындағы үйде болып, қолайсыз ауа райы салдарынан 1 апта бойы үйлеріне қайта алмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «Шерп» көлігімен келіп, барлық тұрғындар аман-есен үйлеріне жеткізілді.

- Өңірде әлі де дауыл туралы ескерту сақталған. Сондықтан алыс елдімекендерге барудан бас тартқан жөн. Ауа райы мен жолдың жағдайы туралы ақпаратты «Дармен» ұялы қосымшасы арқылы біле аласыздар. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 арнасына хабарласыңыз, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

265
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив