KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Қызыл Ту» өткелінде трактор суға кетіп қалды - ШҚО

11.01.2023, 16:41 395 Ләззат Қанатқызы

«Қызыл Ту» өткеліндегі мұз ойылып, трактор суға кетіп қалды.

Бүгін әлеуметтік желіде мұз ойылып, трактордың суға кетіп қалған видеосы тарап кетті. Сондай-ақ видео соңында трактор жүргізушісінің шығып үлгергенін де көруге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, аталған оқиғаға байланысты ресми ақпарат әлі берілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қызыл ту» өткеліндегі мұз жолымен жүруге тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.

— Ауа-райының күрт жылынуы, мұзда жарықтардың пайда болуына және өткел бетіне еріген қар суы шығып кетуіне байланысты сағат 12.00-ден астам «Қызыл Ту» өткеліндегі мұз арқылы жол барлық көлік түрлері үшін жабылды, - делінген хабарламада.

Енді қозғалыс Үлкен Нарын, Алтай арқылы жүзеге асады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив