KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 8 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Жедел жәрдем қызметкерлерін жол талғамайтын көлікпен жеткізді – ШҚО

13.01.2023, 14:19 316 Ләззат Қанатқызы

Құтқарушылар жетуі қиын жерге жедел жәрдем қызметкерлерін жол талғамайтын көлікпен жеткізді.

Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округіндегі Ақтам қыстағында науқасқа дәрігерлердің көмегі қажет болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш қыстаққа барар жол болмағандықтан құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлерін жол талғамайтын көлікпен жеткізді.

- Бірнеше шақырым жолсыз жерді еңсеруге тура келді. Қыстаққа келген соң дәрігерлер науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетіп, содан кейін науқасты жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізуге көмектесті, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив