KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Балаға күш көрсеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды - Өскемен

16.01.2023, 17:28 338 Ләззат Қанатқызы

Жақында әлеуметтік желіде тәрбиеші баланың құлағын бұрап, жылатқан видеосы пайда болды. Аталмыш оқиға облыс орталығындағы жеке балабақшаларың бірінде болған.

Белгілі болғандай, бала тәрбиешіден су сұраған. Алайда тәрбиеші оның құлағынан бұрап, жылатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бала су сұраған, бірақ тәрбиеші оның құлағынан бұрап, дене жарақатын салған. Ол камераның қай жерде орналасқанын жақсы біледі және бәрін жасырын түрде жасауға тырысқаны көрініп тұр. Бұл бірінші рет емес, үнемі көгеріп келеді. Басында құлаған шығар деп ойлап жүрдік. Кейін бейнежазбаларды қарап, сараптама жасаттық, - дейді видеомен бөліскен баланың әпкесі.

Аталмыш оқиғаға Өскемен қаласы білім бөлімі пікір білдірді.

— Бұл жағдай жекебалабақшада болған. Қазір тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ал оның іс-әрекетімен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы бүкіл мектепке дейінгі мекемеде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — дейді қалалық білім бөлімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив