Семей биоорталығындағы аюлар әлі қысқы ұйқыға жатпаған

Облыстық биологиялық орталық мамандарының айтуынша, қыстың жылы болуынан аюлар әлі де ұйықтамаған көрінеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазіргі уақытта аталған орталықта Зита және Боря атты аюлар бар. Мамандардың сөзіне сүйенсек, жыл сайын Зита ерте, яғни қараша айының соңында ұйықап, ақпан айының басында оянатын. Ал биыл ұзаққа созылған қатты аяз болмауынан аюлардың қашан ұйықыға жататыны әлі де белгісіз болып отыр.
Зоолог мамандар аюлар ұйықтағанша оларды тамақтандырады. Аюлардың күнделікті аз мәзіріне ботқа, ет және көкөніс өнімдері кіреді.
31
0
0
Сонымен қатар оқыңыз