KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да 3000-ға жуық үйге датчиктер орнатылған

17.01.2023, 09:33 291 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да өткен 2022 жылы қауіпті газдың салдарынан 14 адам зардап шеккен, оның ішінде 7-еуі бала.

Биыл ШҚО ТЖД мамандары талдау жүргізіп, аймақтағы көміртегі тотығымен уланудың негізгі себептерін анықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, қауіпті газың салдарынан болған барлық оқиғалар тұрғындар ұйықтап жатқан кезде орын алған. Атап айтқанда, пештерде жарықтар болу себебінен – 7 жағдай, түтін мұржасын тазартылмағандықтан – 5 және пеш тартпай қалу себебінен – 2 жағдай тіркелген.

Бүгінгі таңда 2022-2023 жыл жылыту кезеңінде көміртегі тотығынан 10 адам зардап шекті, оның ішінде 4 бала бар.

- Өткен демалыс күндері Өскемен қаласында жарықшақты пешті пайдалану кезінде 2 тұрғын, 1950 жылы туған әйел және 1955 жылы туған ер адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы жылыту кезеңінің алдында 3000-ға жуық отбасына датчиктер орнатылған көрінеді.

- Жыл сайын пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде болған оқиғалардың алдын алу мақсатында әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда көміртегі тотығы датчиктерін орнату іске асырылуда. Ағымдағы жылы жылыту кезеңінің алдында біз 3000-ға жуық "құтқару тетіктерін" орнаттық, - деп атап өтті ШҚО ТЖД МӨБ басқарма бастығының орынбасары Нұржан Өміржанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив