KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Қолайсыз ауа райында жолға шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды – ШҚО

23.01.2023, 10:31 384 Ләззат Қанатқызы

Жыл басында өңірдің бірқатар аудандарында қалың қар жауып, жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын. Жергілікті полиция қызметкерлері де күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райында жолға шықпау керектігін ескертіп отырды.

Десе де, құқық қорғау органдарының ескертуін елемей, өз бетінше жолға шы,ып кеткен жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Зайсан ауданының 39 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай «Toyota Avalon» маркалы автокөлігімен қолайсыз ауа райына байланысты жабылған «Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар тасжолына шығып кеткен.

- Жүргізуші бұл әрекеті үшін16 қаңтарда Зайсан аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Процесс барысында жүргізуші өз кінәсін мойындаған. Баптың санкциясына сәйкес, барлық жағдайларды ескере отырып, тәртіп бұзушыға 21 АЕК мөлшерінде (72450 теңге) әкімшілік айыппұл салынды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО ПД қызметкерлері тұрғындарға дауыл туралы ескерту жарияланғанда алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив