KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Өскеменде ер адам газдан уланып қалған

24.01.2023, 12:25 183 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде улы газдан уланып қалған 1961 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Ер адам 23 қаңтар күні пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйде уланған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

ТЖД қызметкерлері пеште көптеген жарықтар болғанын анықтаған.

- Ер адам қазір ауруханада, орташа дәрежеде. Үй иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау), - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив