KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Бейімдеу орталығынан қашып кеткен жасөспірімдер табылды – Өскемен

24.01.2023, 16:22 186 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы кәмілетке толмағандарды бейімдеу орталығынан  17 жастағы екі жасөспірім қашып кеткен.

Тәрбиеленушілердің қашып кеткені туралы полиция қызметкерлеріне  тәрбиешісі хабар берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Хабарды ала салысымен тәртіп сақшалары жолаушылар мен таныстардан сұрастырып, баруы мүмкін деген алаңдар, саябақтар, жастар көп жиналатын орындар, дәмханалар, аулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият іздестірген.

- Нәтижесінде жасөспірімдер бір тәулікке жуық іздеуден кейін Согра маңындағы таныстарынан табылды. Табылғаннан кейін олар бірден орталыққа жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив