KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Датчиктің арқасында 95 жастағы әже аман қалды – ШҚО

26.01.2023, 17:11 322 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да улы газды анықтайтын датчиктің арқасында 95 жастағы әже аман қалды.

26 қаңтар күні сағат 12.30 шамасында Каменка ауылындағы үйлердің бірінде датчик сигналы қосылған. Қарт әже дыбысты естіп бірден әлеуметтік қызметкерге хабар берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік қызметкерлері әженің мұржасын тазартып жатқан көрінеді.

- Жыл сайын әлеуметтік қорғалмаған отбасыларға осындай датчиктер орнатамыз. Ағымдағы жылы жылыту кезеңі алдында жергілікті атқарушы органдар мен демеушілердің көмегінің арқасында біз облыс аумағында тұратын 3000-нан астам отбасын қамтамасыз еттік. Үш жылдың ішінде датчиктің іске қосылуының 8 жағдайы орын алып, нәтижесінде 32 адам, оның ішінде 22 бала құтқарылды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив