KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлар азайған

27.01.2023, 09:44 218 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД құтқарушылар дайындаған кезекті мультфильм шықты.

"№48 мектеп - қосымша білім беру орталығында" қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы жаңа мультфильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өткен эпизодтарда шомылу маусымындағы қауіпсіздік ережелері мен өрттің алдын алу туралы айтқан кейіпкерлер Тентек пен Айя бұл жолы қысқы оқиғаға тап болады.

- Балаларға қарапайым өздері сияқты Тентек пен Айя атты кейіпкерлер арқылы қауіпсіздік талаптарын түсіндіреміз. Балалар ересектердің іш пыстыратын дәрістерін тыңдай бермейді. Сондықтан, біз өздеріне қол жетімді және балалар түсінетін жолмен түсіндіруге тырыстық, - депйді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Кең ауқымда өткізіліп жатқан акциялар, рейдтер, мультфильмдер және өскелең ұрпақпен жұмыстың арқасында ШҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлар азайғанын айтады.

Бұл ШҚО құтқарушыларының жас кейіпкерлер: Тентек пен Айя туралы үшінші мультфильмі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив