Өскемен
-7°
облачно с прояснениями ветер 6 м/с, СЗ
460.79 490.51 6.02

Жылыту маусымы басталғаны 181 өрт оқиғасы тіркелген - ШҚО

29.01.2023, 14:30 270 0 Ләззат Қанатқызы

Жылыту маусымы басталғалы бері өңірде 181 өрт оқиғасы тіркелді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,1% – ға аз. Десе де, өрт кезінде адам өлімі 16% - ға артып, яғни жылыту кезеңінің басынан бастап 7 адамды құрады. ТЖ қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқандардың жартысы салауатты өмір салтын ұстанбай, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланған.

- Көміртегі тотығынан зардап шеккендердің саны 37% – ға өсті. Көбінесе азаматтар түнгі уақытта, ұйқы кезінде жарақат алды, - дейді ол.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері-пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан болатын көрінеді.

- Өрт 44% жеке тұрғын үйлерден, 22% аула және шаруашылық құрылыстарынан шығады. Сондай-ақ саяжайлардан да өткен жылыту маусымымен салыстырғанда өрт оқиғасы 18% - ға өсуі байқалады. Ал, көпқабатты тұрғын үйлер мен моншаларда өрт саны айтарлықтай азайған, - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив