KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Шығыс пен оңтүстікте су тасқыны қаупі жоғары

6.02.2023, 11:01 315 Ләззат Қанатқызы

Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында ақпан айы негізінен жылы және жауын-шашынды болады деп күтілуде.

Қазгидромет ақпан айындағы су тасқынына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ақпан айында температуралық фон жоғарылап, қатты жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде еріген қар және жаңбыр суынан ауқымды тасқын болуы мүмкін.

Консультативтік синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жуық. Ал республиканың оңтүстік және шығыс өңірлерінде негізінен жылы және жауын-шашынды ауа райы болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив