Өскемен: Мектепке "бомба қойылды" деген ақпарат тарады

Бүгін облыс орталығындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсіп, оқуышлар шұғыл түрде эвакуацияланды.
№11 мектеп-лицейінде сабақ тоқтатылып, қазір арнайы қызметтер жұмыс істеп, тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 6 ақпанда сағат 14.18-де Өскемен қаласының мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат түскен. Хабарды ала салысымен мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барып, қызметкерлер мен оқушыларды эакуациялады,- дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір ғимаратта тексеру жүргізілуде. Қорытындысы шыққаннан кейін толыққанды ақпарат берілетін болады.
Сонымен қатар оқыңыз
Өскеменде 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тарағанМектепке жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат берген күдікті іздестірілуде - ШҚОӨскемендік оқушы жарылғыш зат туралы жалған ақпарат бергенӨскеменде мектептерді тексеру аяқталып, соталды тергеу басталдыӨскеменнің әуежайындағы жұрт неге дүрлікті?