Өскемен
-4°
облачно с прояснениями ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Өскемен: «Бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шықты

6.02.2023, 17:42 221 0 Ләззат Қанатқызы

Мектепке жарылғыш зат қойылағын туралы ақпарат жалған екені анықталды.

Қазір ҚР ҚК-нің  273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлаған адамды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бүгін сағат 14-18-де Өскемен қаласы мектептерінің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабар түсе салысымен мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына келіп, ғимаратты тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылған жоқ. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау жүргізілді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің  273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті мұндай құқық бұзушылықтар  қоғамдық резонанс тудыратын және оның ықтимал салдарын ескере отырып, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив