KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 45 мыңға жуық жағдай тіркелді – ШҚО

1.03.2023, 19:09 250 Ләззат Қанатқызы

ШҚО ТЖД мамандары өрт оқиғалары мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 190 000-нан астам ауланы аралап шығып, нәтижесінде үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 44 689 жағдай тіркелді.

Қазір облыс аумағында әлеуметтік осал азаматтар тұратын 3 174 үй тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жауапты мамандар аталмыш мекенжайларды аралап, талапқа сай келмейтін 2357 жағдай анықталды.

- Жылыту кезеңі басталғаннан бері "Қазмырыш" ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың көмегімен әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлерінде 2476 датчик орнатылды. Атап айтқанда, 2450-көміртегі тотығы датчигі және 26 – түтін датчигі, - дейді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға төмендегі  қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Пешті жанғыш сұйықтықтармен жақпаңыз. Оларды пайдалану жарылыс болып, өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін;

- Пештерде отын, кір және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге болмайды;

- Ашық есіктері бар пештерді жағуға, оларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға жанып жатқан пештерді қадағалауды тапсыруға болмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив