KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 4 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскеменде өрттен бір адам зардап шекті

6.03.2023, 19:33 204 Ләззат Қанатқызы

4 наурыз күні облыс орталығында Высоковольтная көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адам зардап шекті.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенге дейін 1966 жылы туған ер адам термиялық күйік алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Үйден екі газ және екі оттегі баллоны шығарылды. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің көмегінен кейін зардап шеккен адам бірден ауруханаға жеткізілді. Өрттің ауданы 120 шаршы метрді құрады. Ағаш қабырға құрылымдары, шеберхананың шатыры және бекітілген металл контейнер өрттен зақымдалған,- дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі - пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив