KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде

10.03.2023, 10:11 241 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында із-түссіз жоғалып кеткен 22 жастағы Максим Архиповты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

8 наурыз күні полиция бөлімшесіне әйел адам жүгініп, 4 наурыз күні сағат 16.00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған ұлын іздеуге көмек көрсетуді сұраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Еріктілер таратқан ақпаратқа сүйенсек, Максим Архипов 02.05.2000 жылы туған. 4 наурыз күні Өскеменде Крылов көшесіндегі үйінен шығып, автобусқа мініпті. Алайда, өзін нашар сезінгендіктен қоғамдық көліктен түсіп қалған көрінеді. Одан кейін ол туралы ешқандай ақпарат белгісіз.

- Қазір қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары іздеу шараларын жүргізуде, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Белгілері: дене бітімі орташа, бойы 180 см. Үйден шыққанда үстінде қара күрте, Қара сұр түсті етік, сұр спорттық шалбар киген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив