KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Ертіске құлаған шлак тиелген вагондар әлі судан шығарылмаған

12.03.2023, 14:20 183 Ләззат Қанатқызы

Өткен 2022 жылдың сәуір айында “Өскемен – Күмістау” теміржол учаскесінде 18 вагон рельстен шығып, руда тиелген 2, шлак тиелген 4 вагон Ертіс өзеніне құлаған болатын.

Алайда, оқиғадан біраз уақыт өтсе де вагонда судан шығарылмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы.  ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев мәлімдеді.

- Экологтар бұған дейін өзеннен су сынамасын алып зерттеу жүргізді. Нәтижесінде судан зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асу фактісі анықталған жоқ, - деді ол.

Сондай-ақ департамент басшысы жалпы облыста ғана емес, ел бойынша вагондарды өзен түбінен көтеріп шығара алатын кран жоқ екенін атап өтті. Талапқа сәйкес, ҚТЖ вагондар мен жүктің қалған бөлігін 2024 жылға дейін көтеріп шығаруға міндетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив