KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Кішкентай қызды қасқыр тістеп алды – Өскемен

Ашық дереккөздерден алынған сурет

15.03.2023, 14:11 244 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы саябақта 10 жастағы қыздың саусағын қасқыр тістеп алған көрінеді.

Оқыс оқиға 11 наурыз күні болған. Ата-анасының айтуынша, кішкентай қыз жыртқышты еркелетіп, сипап көрмек болғанда саусағын қасқыр тістеп алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қыздың ата-анасы ішінде жыртқыштар бар қоршауларда қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кеңейту керек деген пікірде.

- Бұл жерде менің де кінәм бар, мен өз балама асқан жауапкершілікпен қарауым керек еді. Оны мойындаймын. Бірақ саябақтағы қоршауларда да қауіпсіздік талаптар қатаң сақталмағанын ескеру керек. Себебі кейбір торлар жыртылып қалған. Келесі жолы басқа балалар да зардап шегуі мүмкін, - дейді қыздың анасы.

Ал саябақ әкімшілігінің сөзіне сүйенсек, бұл жерде қазір 320 жануар бар. Барлығы қоршауда тұр және әрқайсының жанында ескерту белгілері қойылған екен. Десе де, тұрғындардың ешқайсы оларды елемейтін көрінеді.

- Біз бұл қоршауларды жануарларға ыңғайлы және келушілерге қауіпсіз болуы үшін кеңейтеміз. Сонда да келушілер жануарларды тамақтандыруға, қол тигізуге, синалауға болайды, - дейді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының фауна және аймақ бөлімінің биологы Юлия Павленко.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив