Өскемен
+9°
пасмурно ветер 1,4 м/с, СЗ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Риддер ЖЭО-да тағы жарылыс болды

24.03.2023, 13:23 121 0 Ләззат Қанатқызы

Риддердегі жылу электр орталығында тағы жырылыс болды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп  хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 23 наурыз күні сағат 8.00 шамасында болған.

- Риддер ЖЭО №6 қазандық  аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты, - дейді Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Оқиға орнына Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің басшылығы шыққан.

- Комиссия құрамы бұйрыққа сәйкес оқиғаға тергеу жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет пен Риддер ЖЭО өкілдері және техникалық сарапшы кірді, - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері он жұмыс күні ішінде дайын болмақ.

Қазандықтарға көмір беру сағат 13:00-де қалпына келтірілді. Жылу желісінің температурасы – 70/46 градус графикте 45/35 градус.

- Қазіргі уақытта ЖЭО-да алты қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр, қалған қазандықтарда ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, — деп толықтырды Энергетика министрлігі.


121
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив