KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Өскемендік тұрғын көршісін өрттен құтқарды

24.03.2023, 15:03 229 Ләззат Қанатқызы

23 наурыз күні облыс орталығында Ульяновск көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты.

1967 жылғы ер адам дереу арада оқиға орнына барып, жалын шарпыған  пәтерден көршісін аман-есен алып шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Түтіннің иісін сезген соң әйеліме өрт сөндірушілерді шақыруды тапсырып, өзім үстіңгі қабатта тұратын пәтерге жүгірдім. Есікті қағып едім, ешкім ашпады. Есіктін тұтқасын бұзып үйге кіргенімде еденде жатқан адамды көрдім. Бірден оны сыртқа алып шықпақ болдым, алайда түтіннен ештеңе көрінбеген соң біраз уақыт жоғалтып алдым. Зардап шегушіні алып шыққан уақытта дәрігерлер мен құтқарушылар да оқиға орнына келіп үлгерді, - дейді Андрей Новиков.

Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды ауыздықтады. Ал, пәтер иесі ауруханаға жатқызылды.

Өрт темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан  шыққан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив