KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам құтқарылды - Семей

13.01.2022, 17:53 189

Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, өрт сөндірушілер 10 адамды эвакуациялады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша өрт кеше сағат 23.58-де Семейдегі Засядко көшесіндегі көпқабатты үйде шыққан. 10 қабатты үйдің подъезінде қоқыс өртенгені анықталды.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Үйдің подъезді көк түтін тұмшалағандықтан 9 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды. Олар Вахта көлігіне орналастырылды. Ал жалпы ауданы 4 шаршы метрге жеткен қызыл жалын сөндірілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Облыстық ТЖД мамандары өңір жұртшылығына өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив