KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 5 адам қылымстық жауапкершілікке тартылған – Өскемен

15.09.2022, 10:20 279

Ағымдағы жылдың 8 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 5 адам қылымстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі. Өкінішке қарай мұндай жағдайларды әдеттегідей ашық айту қоғамда «қабылданбаған». Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қадір-қасиетін, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, әрбір адам өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға құқылы. Денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығына қарай заңда бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - дейді Өскемен қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануының алдын алу мақсатында қаланың жергілікті полиция қызметі тәуекел тобындағы тұлғалармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, қорғау нұсқамаларын шығарған.

Өкінішке орай, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны өзін қорғай отырып, денсаулығына тұрмыстық заттармен, мысалы, пышақпен зиян келтірген, соның салдарынан әлдеқайда «қайғылы» зардаптарға әкелген жағдайлар орын алған көрінеді.

-        Ағымдағы жылдың 8 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 1400-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1500-ден астам қорғау нұсқамалары шығарылды. Қылмыстық жауапкершілікке 5 адам тартылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда дереу Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының «102» арнасына хабарласу керектігін есте ұстаған жөн, - дейді жауапты мамандар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив