Өскемен
+2°
туман Штиль
474.47 503.51 4.88

Пәтердегі өрттен екі адам құтқарылып, 25 тұрғын эвакуацияланды

Фото: ашық дереккөз

5.05.2023, 15:38 225 0 Дәурен Аллабергенұлы

Өскемендегі өрт сөндірушілер пәтердегі өрт кезінде екі адамды құтқарып, тағы 25 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Бүгін Өскемен қаласында 9 қабатты үйдің 6 қабатында пәтер өртенді. ШҚО ТЖД қызметкерлері қою түтін басқан кіреберістен 17 ересек адам мен 8 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жанып жатқан пәтерден әйел мен ер адам құтқарылды. Күйік шалған ер адам қаланың медициналық мекемесіне жатқызылса, әйелді жедел жәрдем дәрігерлері тексеруден өткізді.

Абырой болғанда, ШҚО ТЖД қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт көрші пәтерлерге таралған жоқ. Темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану өрттің шығуына себеп болғаны анықталды.

Өртті сөндіруге қала бөлімдерінің жеке құрамынан барлығы 13 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтауды еске салады. Темекі шегу әрдайым осындай салдарға әкеледі. Бықсып жанған темекі тұқылы біраз уақыттан кейін сөнеді, бірақ ол жану ошағына айналуы әбден мүмкін.

   ШҚО ТЖД ескертеді:

- төсекте темекі шегуге жол бермеу, әсіресе мас күйінде;

- темекі тұқылдарын су құйылған қаңылтыр ыдысқа тастау керек. Лоджиядан немесе балконнан тұқылды лақтыруды әдетке айналдырмау;

- ашық отты қолдануда әрқашан абай болу.

 "ШҚО ТЖД қызметкерлері өрттердің санын азайту және оларда адам өлімінің алдын алу үшін барлық шараларды қабылдауда. Профилактикалық іс-шаралар, көптеген акциялар өткізеді. Азаматтарды тұрғылықты жері, жұмысы және оқуы бойынша өрт қауіпсіздігі шараларына үйретеді. Өрттен сақ болыңыздар және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға немқұрайды қарамаңыздар. Уақтылы қабылданған шаралар қайғылы салдардан аулақ болуға және сіздің өміріңіз бен мүлкіңізді сақтауға көмектесетініне назар аударыңыздар. Егер өртті байқасаңыздар, дереу "101" немесе "112" телефондарына хабарласыңыздар", деп ескертеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


 

 

225
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив