KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде оқушы қызды көлік қағып кетті

15.09.2022, 09:53 305

Облыс орталығындағы Бажов көшесінде 11 жастағы қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        14 қыркүйек күні Kia Rio маркалы автомобильдің 53 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 11 жасар қызға жол бермеді. Абырой болғанда қыз бала ешқандай жарақат алмаған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Kia Rio маркалы көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кету керек, аталған баптың санкциясы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив