Өскемен
-2°
снег ветер 9 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

Өскеменде жоғалып кеткен жеткіншек аман-есен табылды

Фото: Өскемен қалалық ПБ

6.09.2023, 14:40 87 0 Ләззат Қанатқызы

4 қыркүйек күні сағат шамамен 21.00 кезінде 102-ші жедел арнаға жергілікті тұрғын жүгініп, 11 жастағы баласының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Әйел адамның айтуынша, жеткіншек аулаға ойнауға шығып, жоғалып кеткен. Ата-анасы өз бетінше іздегенімен еш нәтиже болмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Буран-19" экипажының қызметкерлері, аға лейтенант Манарбек Әубәкіров пен полиция лейтенанты Самат Рустамов арада 20 минут өткенде баланы қаланың жанармай құю станцияларының бірінен тапқан.

– Бала аман-есен, денсаулығына еш қауіп жоқ. Ата-анасымен және өзімен жасөспірімдер инспекторы әңгіме жүргізді, – дейді Өскемен қалалық ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Полиция қызметкерлері азаматтарға кәмелетке толмаған балаларға мұқият болу және бала немесе жақын туыстары жоғалып кеткен жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу 102 арнасына хабарласу керектігін ескертеді.

87
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив