KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
448.89 477.93 4.76

Тарханка ауылындағы өрт толығымен жойылды

8.09.2022, 10:19 318

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өрт бойынша бүгінгі жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күршім ауданы Марқакөл орман шаруашылығы аумағында орман әлі күнге дейін жанып жатыр, қазір өрттің алдын ала аумағы 1 300 га құрайды. Айта кету керек, жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртке қарсы күреске ШҚО ТЖД өрт сөндірушілерінің, орманшылар мен жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлерінің 270-ке жуық адамы мен 34 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндірушілерге тау бедерлері мен ауа райы қиындық тудыруда. Сондықтан "МИ-8" және "Еврокоптер" тікұшақтары тартылды. Бүгін өрт болған жерге суағар құрылғысы бар ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару МИ-171 тікұшағы қосымша көмекке келмек.

-        Алтай ауданында Зырян орман шаруашылығы өртенді. Тілсіз жаудың алдын ала аумағы - 800 гектарды құрайды. Өртті ауыздықтау үшін суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы,  200-ге жуық адам мен 29 техника жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Бүгін өрт болған жерге Семей қаласының №68303 әскери бөлімінің суағар құрылғысы бар ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы, жеке құрамның 50 адамы және 4 бірлік техникасы көмекке қосымша келеді, - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде, Ново-Березовка орманшылығының аумағы өртенуде. Өрттің алдын ала ауданы 1200 Га. Өазіргі уақытта елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ. Бүгін қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігінің суағар құрылғысы бар МИ-17 тікұшағы көмекке қосымша келеді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 280-нен астам адам мен 24 техника, ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, ЖАО, халық, полиция жұмылдырылды. МИ-8 тікұшағының көмегімен 30 адам таудың басына "Кедруха" учаскесіне жеткізілді. Өрт орнында жедел штаб құрылған.

-        Глубокое ауданында, Каменный карьер ауылында да өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт сөндірушілердің жұмысын тау бедерлері қиындатып тұр. Таудың биіктігі шамамен 800 метр. Тұрғындарға төнген қауіп сейілді. Бүгін сағат 08.52 шамасында 60 Га алаңдағы өрт ауыздықталды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ШҚО ТЖД, полиция, ЖАО-ның 70 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.Тарханка ауылындағы өрт кеше толығымен жойылды, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив