Өскемен
+1°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Семейде көлік қағып кеткен екі бірдей адам көз жұмды

29.10.2021, 10:26 35 0 Ләззат Қанатқызы

Семей қаласында қайғылы оқиғамен аяқталған екі бірдей жол апаты болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бірінші жол-көлік оқиғасы қала маңындағы автожолда Озерки ауылы - Восход кенті бағыты бойынша болған. “Volkswagen” маркалы автокөлігін тізгіндеген 21 жастағы жігіт жолдан өтіп бара жатқан 2012 жылғы жасөспірімді қағып кетті.

Бала алған дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. 

  • - Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 - бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған көліктің жүргізушісі ұсталып, ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен УҰИ-ға қамауға алынды.  

Екінші жол апаты 18:30 - да Семей-Талица бағытындағы жолда орын алды. ПАЗ маркалы автобустың 66 жастағы жүргізушісі 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Жәбірленуші де оқиға орнында қайтыс болды. 

Белгіленген тәртіппен ҚР ҚК 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. 

- Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда, нәтижесінде автобус жүргізушісіне қатысты тиісті бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралады, - деді ПД баспасөз қызметініде.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив