KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
439.4 473.54 4.76

Өскеменде жоғалған 2 бала аман-есен табылды

6.09.2022, 15:26 224

5 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны «102» арнасына хабарласып, кәмілетке толмаған қызын іздеуге көмектесуді сұраған.

Оның айтуынша,2010 жылы туған қызықұрбыларымен серуендемек болып үйден шығып, қайта оралмапты. Анасы полиция қызметкерлеріне хабарласып, 10 минут өткен соң қыз бала үйіне қайтып келген.
Сол күні кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы тағы бір өтініш түсті. Сағат 20:00-де 38 жастағы қала тұрғыны «102» арнасына хабарласып, кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйел 2008 жылы туған ұлы таңертең мектепке кетіп, қайта үйге оралмағанын айтқан.
- Бала таңертең мектепке барғысы келмей ашуланғаны белгілі болды. Кәмелетке толмаған баланы іздеу мақсатында Өскемен қ. ПБ жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді. Түні бойы жалғасқан іздеу операциясының нәтижесінде, 06.09.2022 сағат таңғы сағат 8:00 шамасында Өскемен қалалық Үлбі ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары жоғалған баланы Михаэлис көшесінен тапты. Бала аман-есен. Кәмелетке толмаған баланың айтуынша, ол ата-анасын ренжігендіктен, үйіне бармаймын деп шешкен, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта бала үйде, туыстарымен бірге. Баланың ата-анасы құқық қорғау органдарына және кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін барлық азаматтарға үлкен алғысын білдіреді.
- Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жоғалу жағдайларының жиілеуіне байланысты ата-аналарға кәмелетке толмағандармен осындай фактілердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттілігін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта өз үйінен тыс жерде болуы ата - аналарға қатысты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін ,- деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив