Өскемен
-8°
снег Штиль
458.69 501.3 6.52

ШҚО-да тағы бір орманнан өрт шықты

6.09.2022, 14:39 13 0 Ләззат Қанатқызы

Күршім ауданында орманнан өрт шығып, облыс орталығынан өрт сөндірушілер тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-        Күршімдегі Марқакөл орман шаруашылығы, Бобровка орман шаруашылығы және Төсқайың ауылдық округі аумағындаға шөп, бұталар мен ағаштар өртеніп кетті. Тілсіз жау алдын ала аумағы шамамен300 гектарды құрайды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, елді мекендерге ешқандай қауіп жоқ.

Орман өртін сөндіруге Өскемен қаласынан 46 адам мен 6 бірлік техника жіберілген.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив