Өскемен
-16°
небольшая облачность ветер 3,1 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

Ата-анасына ренжіп үйден қашып кеткен бала табылды - Өскемен

31.08.2022, 15:32 32 0 Ләззат Қанатқызы

29 тамыз күні "102" жедел арнасына 38 жастағы әйел хабарласып, 2008 жылы туған ұлын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.

Анасының айтуынша, кәмілетке толмаған бала үйден қоқыс шығармақ болып шығып кеткен. Алайда, үйіне қайтып оралмаған. Оған дейін анасы мен баланың арасында кейкілжің туындап, ренжісіп қалған көрінеді.

Куәгерлер баланы №11 мектептен көргені,  ал бала Шәкәрім даңғылына қарай қашып кеткені анықталды.

-        Кәмелетке толмаған баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қ. ПБ жеке құрамы көтерілді. Іздестіру операциясының нәтижесінде сағат 23:00 шамасында Өскемен қалалық Үлбі полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ерасыл Хасенов жоғалған баланы облыс орталығының аулаларының бірінен тапты. Бала аман-есен. Ата-анасына ренжігендіктен үйден қашып кеткенін айтты, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив