Семейде шағын наубайханадан өрт шықты

Семей қаласын Гагарин көшесіндегі дүкеннен өрт шығып, нан пісіретін электр пеші мен ағаш құрылымдары жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Абырой болғанда оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер ғимараттан 6 газ баллонын уақытылы сыртқа шығарып үлгерген.
- Өрт сөндірушілер 15 шаршы метр аумаққа шарпыған тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан пайда болған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар оқыңыз