KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Полицейлер жоғалған екі баланы тапты - ШҚО

28.08.2022, 11:03 204

Бірнеше күн бұрын «102» жедел арнасына 62 жастағы әйел жүгініп, 2007 жылы туған кәмелетке толмаған немересін іздеуге көмектесуді сұраған. Қарт әйел немересіне мектеп формасын алу үшін 20 мың теңге беріпті, ал 15 жастағы жасөспірім ақшаны алып, үйден кеткеннен қайта үйге оралмаған көрінеді.
Көп уақыт өтпестен «102» жедел арнасына мамандандырылған жасөспірімдер үйінің тәрбиешісінен 2006 жылы туған тәрбиеленушінің досына аулаға шығып, қайтып оралмағанын хабар түсті.
Жоғалған екі кәмелетке толмаған бала дос екені белгілі болды. Сол күні олар кездесуге келісіп, жолыққан соң екеуі хабарсыз кеткен.
Кәмелетке толмағандарды іздеу мақсатында дабыл бойынша  Өскемен қ. ПБ жеке құрамы көтерілді. Полиция қызметкерлері қаланың саяжай серіктестіктерінің іргелес аумақтарын аралап, жасөспірімдерді көруі мүмкін куәгерлер мен жолаушылардан жауап алған.
- Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Еркежан Жақыпова Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ ЖПҚ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Тілек Айтмұқашпен бірге қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғалған кәмелетке толмағандарды тапқан, сөйтсе олар танысының үйінде болған екен, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, олар 15 жастағы жасөспірімге әжесінің берген қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қаражаттары таусылған олар таныс қызға қонаққа баруды шешкен. Қыздың анасы полицияға қоңырау шалып, жоғалған кәмелетке толмағандардың қайда екендігі туралы хабарлап, дереу мекенжай бойынша шыққан полицейлер, балаларды тұрғылықты мекенжайларына жеткізген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив