Өскемен
пасмурно ветер 1 м/с, В
457.29 490.35 5.97

Өскеменде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

30.06.2021, 15:43 27 0 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін Сәтпаев даңғылында жедел жәрдем көлігі «TOYOTA» маркалы автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы сағат 07.00 шамасында болған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жедел жәрдем көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жол қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатып, жол қозғалысындағы қауіпсіздікке мән бермеген. Салдарынан «TOYOTA» автокөлігімен соқтығысады. Зардап шеккендер тіркемелген.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұл бапта 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.


WhatsApp Image 2021-06-30 at 09.51.20 (1).jpeg

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив