Өскемен
+8°
переменная облачность ветер 3 м/с, С
458.87 493.84 6

Өскемен-Семей тас жолындағы жол апатынан екі адам көз жұмды

30.06.2021, 10:03 31 0 Ләззат Қанатқызы

29 маусым күні сағат шамамен 18.00 кезінде Өскемен-Семей тас жолының 127-ші шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Апат салдарынан, «Chevrolet» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 45 жастағы «LADA» маркалы автокөлігінің жолаушысы дәрігерлер келгенше оқиға орнында қөз жұмды.

-        Қазір ол жерде полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345 – бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив