KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, Ю
440.9 475.95 4.82

Үржарда көршісі зорлаған 9 жастағы қыз Семейдегі ауруханаға жатқызылды

24.08.2022, 10:38 162

Үржар ауданында жантүршігерлік оқиғаның құрбаны болған 9 жастағы қыз Семей қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Қыз бала Өскемендегі оңалту орталығында психологтың курсынан да өткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік,  өткен аптада Үржар ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Түнгі ауысымнан үйіне оралған ана қызының қанға боялғанын көрген. Артынша қызын 48 жастағы өзінің көршісі зорлағанын біледі. Күдікті деп танылған 48жастағы ер адамның 2 бірдей ұлы бар көрінеді. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

-        Осы оқиға тарап кеткеннен кейін аурухана тексеруге және емдеуге жолдама берді. Қын сынамалары алынып, УДЗ өтті. Десе де, қызым адамдардан, әсіресе бөтен адамдардан қатты қорқып қалған. Тіпті жалғыз қалуға да қорқып қалған, - дейді зардап шегушінің анасы Светлана Либих.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив