KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Өскеменде жоғалып кеткен әйелді іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда

22.08.2022, 10:04 112

ШҚО-да жоғалып кеткен 46 жастағы Сәния Садықованы іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 16 тамыз күні ШҚО ПД «102» арнасына Сәния Садықованың бауыры хабарласып, 12 тамызда әпкесінің жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Ол үй әрлеу, еурожөндеумен жұмыстарымен айналысқан көрінеді.

Volontery_uka_lider.kz парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жұма күні кешке әйел жалақысын алып, үйіне қайтқан. Содан бері хабар-ошар жоқ.

Ағасы Сәнияның ешқандай жаман әдетке, алкогольді ішімдіктерге құмар емес екенін, үш бірдей ересек ұлдардары бар екеніні айтады.

Қазіргі күні еріктілер қала бойынша хабарландыру жариялауға көмектесіп жатыр. Ал полиция іздеу шараларына кинологтарды қосқан.

Белгілері: Сәния Қадырханқызы Садықова 09.12.1975 жылы туған, бойы 155 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара, мұрын жағында қалы бар. Ақ спорттық киім, ақ кроссовка, басына орамал және жылтыр қалпақ киген.

Полиция жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адам болса, дереу +7 771 466 54 38 немесе 102 желісі бойынша хабарласуды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив