KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Семейде 1905 жылы салынған тұрғын үй өртенді

8.04.2021, 11:20 197

7 сәуір күні 21 сағат 47 минутта Семей қаласындағы Молдағалиев көшесінде өрт шықты.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп жеткен кезде екі қожайынға арналған 3 пәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінің ағаш конструкциялары, қабырғалары мен төбесі өртеніп жатты. Өрттің күшті болғаны соншалықты, 1905 жылы салынған үйдің ағаш құрылыстарын әп-сәтте шарпып әкетті.

- Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері пәтердің ас үй бөлмесінен сыйымдылығы 27 литрлік 2 газ баллонын алып шығарды. Шапшаң іс-қимылдарының арқасында 70 шаршы метр алаңда өрт толығымен сөндіріліп, және оның әрі қарай таралуына жол берілмеді. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі. 

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 8 бірлік техника тартылды.

Өрттің себебі пәтерлердің бірінің кіреберісінде жанғыш материалдарға төселген электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив