Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
468.98 493.74 7.59

ШҚО-да сиырларға аю шапты

11.08.2022, 10:41 1 0

Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының тұрғыны екі сиырына аю шапқан болуы мүмкін екенін айтты. 
"Кейінгі айда бізге Жоғарғы Тайынты ауылының тұрғыны хабарласты. Ер адам сиырына аю шапқанын айтты", - дейді ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман және аңшылық шаруашылығы бөлімі жедел қимыл отряды бастығының орынбасары Василий Ткаченко.
Оқиға орнына келген комиссия мүшелері жануар терісін, кемірген аяқтарын тапты.

"Бірақ сиырды аю шапты деп нақты айта алмаймыз. Аю сиыр өлгеннен кейін шапқан болуы мүмкін", - деп түсіндірді Василий Ткаченко. 

9 тамызда сол тұрғын тағы да шағым түсірген.
"Ауыл тұрғынының айтуынша, 8 тамызда аю тағы да сиырына шапқан. Бұл жолы ер адам өлген жануардың суретін жіберді", - деді Василий Ткаченко.
Өскеменнен Ұлан ауданына комиссия барады. Василий Ткаченко өлген сиырларды Манат жолының жанынан табылғанын айтты.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив