Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
472.14 498.39 7.65

ШҚО-да жыл басынан бері 24 адам жол апатынан қайтыс болды

11.08.2022, 10:03 3 0

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жол апатынан 24 адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД мәлім етті. 
Тәртіп сақшылары өңір аумағында 19 шілдеден бастап «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасын өткізуде. Мұндағы мақсат – жолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, ереже бұзушыларды жауапқа тарту. Жыл басынан бері облыста 240 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 24 адам қаза болып, 330-ы жарақат алған.
«Шара басталғалы полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 11 500-ден астам адамға әкімшілік хаттама толтырды. Мас күйде көлік басқарғаны үшін 78 жүргізуші ұсталды. Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 815 адам жауапқа тартылды. 181 көлікті пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 158 көлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды», - дейді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев. 
Оның айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Сергек-Қорғау» қосымшасы пилоттық режимде іске қосылған. Соның көмегімен жол қозғалысы ережелерін тұрақты бұзушылар анықталады.
Мәселен, Өскемен қаласының аумағында аталған қосымшаның көмегімен 139 көлік тоқтатылған. Олар бойынша 9 млн теңгеге жуық сомаға 415 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив