Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Қазақстандағы сайлау: ОСК дода қорытындысын жариялады

12.01.2021, 12:12 85 0
Орталық сайлау комиссиясында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы жарияланды, 
Парламент сайлауының қорытындысы:
  • Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз;
  • Қазақстан Халық партиясы  - 9,10 пайыз;
  • "Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз;
  • ADAL партиясы - 3,57 пайыз.

  • Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, "Ақ жолда" 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар.

    Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

    Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

    Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланған болатын.

    Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

    Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 9,03 пайыз дауыс;
    Nur Otan партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
    "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
    "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
    ADAL саяси партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив